Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Қаралы хабар жайлы журналист Бану Дәулетбаева жазды.

«Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы...», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

«Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады», - деп хабарлады олар.

Жерлеу рәсімі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.