27.07.2023, 10:16

Ұялы телефон арқылы төлем жасауға тыйым салынды

Фото: sputnik.kz

Қазақстанда сатып алынған тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдауға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz.

24.kz. арнасының мәліметінше, салық кодексіне сәйкес барлық төлем бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жасалуға тиіс.

Қаржы министрлігі бірнеше жылдан бері кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар банк қосымшасындағы QR-код арқылы мобильді төлем жасауға рұқсат етілген.

Ал егер POS-терминалмен төлемді қабылдамаса және ақшаны аударуды талап етсе, шағымдануға болады – ондай кәсіпкерге айыппұл салынады.