Қазақстанда сатып алынған тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдауға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz.
24.kz. арнасының мәліметінше, салық кодексіне сәйкес барлық төлем бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жасалуға тиіс.
Қаржы министрлігі бірнеше жылдан бері кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Сонымен қатар банк қосымшасындағы QR-код арқылы мобильді төлем жасауға рұқсат етілген.
Ал егер POS-терминалмен төлемді қабылдамаса және ақшаны аударуды талап етсе, шағымдануға болады – ондай кәсіпкерге айыппұл салынады.