Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Руслан Курбанов Миланда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Paryz.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
Фото: Azattyq Ruhy

Отандасымыз ширек финалда италиялық Валерио Куомоны ұтты.

Финалға берілер жолдаманы мажарстандық Мате Кохпен сарапқа салады.

Курбанов әлі әлем чемпионатында жүлде алған жоқ.

Айта кетейік, 31 жастағы қазақстандық спортшы Азия-2017 чемпионы, сонымен қатар 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.