Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бейбіт Шүменов әрекеті үшін жауап береді – министр Оралов

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысынан кейін кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің айналасындағы шуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бейбіт Шүменов әрекеті үшін жауап береді – министр Оралов
Фото: inform. kz

«Шүменов туралы мынаны айтамын, қазір құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Ішкі істер министрлігі пікір білдіріп те қойды. Ресми қорытындыдан кейін қосымша түсінік білдіре аламыз. Ол іс қазір құқықтық алаңда қаралып жатыр. Осыған байланысты бірнеше баспасөз хабарламасы да шықты», - деді Асхат Оралов.

Ведомство басшысы заң алдында бүкіл қазақстандықтың құқығы мен міндеті бірдей екенін еске салды.

«Бұл – құқықтық алаң, әр адам кәсібіне, қызметіне қарамастан, өз сөзі мен әрекеті үшін жауап береді, оның үстіне жеке өмірі болса. Сондықтан ол өз әрекеті үшін құқықтық алаңда жауап береді», - деді министр.

«Бейбіт Шүменовке осы жағдайдан кейін Қазақстан аумағында спортпен айналысуға тыйым салына ма?», - деп сұрады журналист.

Асхат Оралов қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатқандықтан әзірге киліге алмайтындарын айтты.

«Құқық қорғау орандарының жұмысынан кейін, қорытындысы шыққаннан кейін пікір білдірейік. Соттың тиісті шешімі шығады, содан кейін ғана түсінік бере аламын. Қазір біз киліге алмаймыз», - деді министр.