Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Атырауда рестобарда бойжеткенді ұрған күзетшілерге қатысты тергеу басталды

Атырауда рестобарда бойжеткенді ұрған күзетшілерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Атырауда рестобарда бойжеткенді ұрған күзетшілерге қатысты тергеу басталды
Фото: inform. kz

Бойжеткен Instagram-парақшасында жазғандай, рестобардың күзетшілері онымен танысуға талпыныс жасаған. Бірақ, ол бұл ұсыныстан бас тартқан. Содан кейін кикілжің басталған.

«Күзетшілер телефонмен сөйлесуге шыққан мені қайтадан кіргізбей қойды. Олар маған күш көрсетті. Бетімнен бірнеше рет ұрып, жерге құлатты. Сол кезде мені ұрған күзетші басымнан тепті. Полицияға шағым түсірдім. Бірақ, видеожазбаға екі күннен кейін ғана қол жеткіздік», - дейді зардап шеккен бойжеткен.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Атырау қаласындағы рестобарлардың бірінде азаматшаны ұрып-соғу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер анықталды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.