СҚО-да жасөспірімді зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

СҚО-да жасөспірімді зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: stan.kz

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы қызды зорлау туралы арыз осы жылдың 4 мамырында Петропавл қаласының полиция басқармасына түседі.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауда отыр.

Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген баспасөз хабарламасында.