Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Астанада екі жасөспірім ВИЧ жұқтырған

Астаналық 2 жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада екі жасөспірім ВИЧ жұқтырған
Фото: pixabay

Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес 206 АИТВ инфекциясы анықталды. Оның екеуі жасөспірім, - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, биыл наурызда жыл сайын 3 мыңнан астам қазақстандық АИТВ инфекциясын жұқтыратыны туралы ресми ақпаратпен бөліскен едік.

Айта кетсек, бүгін елордада қаладағы эпидемиологиялық-санитарлық жағдай таныстырылды. Брифинг барысында белгілі болғандай, қалаға бірнеше елден келген азаматтардан қызылша анықталды.

Сондай-ақ Астанада А гепатитінің тарауы 88% артқаны айтылды.