Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Мұрат Әйтенов қызметінен кете ме? - Шымкент қаласының әкімдігі жауап берді

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Мұрат Әйтеновтің қызметтен кететіні туралы қауесетті жоққа шығарды.

Мұрат Әйтенов қызметінен кете ме? - Шымкент қаласының әкімдігі жауап берді
фото: tengrinews.kz

Ведомство мәліметінше, бүгін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы ақпарат жарияланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қазіргі уақытта үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов өз жұмысын жалғастырып жатыр, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып 2022 жылы желтоқсанда қайта тағайындалған болатын.