Алматы облысында анасының қарызы үшін қыз баланың қолы мен аузын байлап тастаған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 24 жастағы келіншек екі ай қамауда болады.
«Аудандық соттың шешімімен 1999 жылы туған Т. есімді азамат 2 ай мерзімге қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 2-бөлігі «Кәмілет жасына толмаған тұлғаны заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.