Қазақстанда жаңа автокөліктердің ең танымал брендтерін отандық Chevrolet және Hyundai зауыттары шығарады, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа басылымына сілтеме жасап.
Finprom.kz порталының дерегінше, аталған маркалардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан көбін құрайды, сәйкесінше 17,6 мың және 17,4 мың. Қазақстанда құрастырылған брендтің сатылымы бойынша алғашқы үштікті Kia түйіндейді: бес айда – 9,9 мың жаңа көлік.
Сондай-ақ биыл ең танымал брендтердің ондығына бірден 5 қытайлық көлік кірді: Chery (3,4 мың автокөлік), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сондай-ақ сатылымдардың басында Toyota (3,2 мың автокөлік) мен Lexus (1,4 мың) тұр.
Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар арасында танымал автокөлік модельдері Chevrolet Cobalt (2,3 мың жаңа көлік сатылды), Hyundai Tucson (1,1 мың) және Kia Sportage (1,1 мың) болды.
Tucson-нан басқа сұранысқа ие көліктердің ондығына Hyundai-дың тағы 4 моделі кірді: Elantra, Sonata, Santa Fe және Bayon. Тағы бір Chevrolet моделі, Nexia және бір Kia моделі, K5 де ең танымалдар қатарында. Сондай-ақ, биыл мамырдың қорытындысы бойынша, Chery Tiggo 7 Pro танымал автокөлік үлгілерінің тізіміне енді