Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жоғалғанына бес ай болған үш баланың анасы ұлының қолынан қаза тапқан

Шығыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім анасын аяусыз өлтіріп, денесін тығып тастаған. Жоғалып кеткен әйел алты айға жуық уақыт іздестірілген, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғалғанына бес ай болған үш баланың анасы ұлының қолынан қаза тапқан
Фото: news.myseldon.com

Адам өлтіру оқиғасы 2022 жылғы тамызда Өскемен іргесіндегі ауылда болған. Жұма күні кешке үш ұлдың анасы демалыс күндеріне облыс орталығынан қайтып келе жатқан. Автовокзалдан үйге келе жатқан әйел кенже ұлын полиэтилен пакеттен желім иіскеп жатқан жерінен ұстап алған.

Анасы мен баласы ұрысып қалады.

"Ол Әлиге ұрыса бастайды (баланың есімі және бұдан әрі аты-жөндер өзгертілген - еск.) және беті мен кеудесіне бірнеше рет ұрып жібереді. Санасы уланған жасөспірім анасының киімінен ұстап бірнеше рет күштеп жұлқиды, одан тіпті киімі жыртылып кетеді", - деп жазады басылым.

Әйел бір құлап, орнынан тұрып, үлкен ұлына бәрін айтатынын, ол бұл іспен айналысатынын айтады. Алда не болатынын ойлаған жасөспірім, аяқ астында жатқан тасты алып анасының басынан ұрады. Бұдан әйел жерге құлайды, жасөспірім мұнымен тоқтамай әйелдің басынан тағы бірнеше рет ұрып, қан-жоса қылады.

Кейін ол анасының мәйіті мен сөмкесін арбаға салып, біраз уақыт бос тұрған көршісінің үйіне алып кеткен. Ол мәйітті шұңқырға жасырып, киімдерін де сол жерге тастаған. Содан кейін ол тесікті бөренемен жауып, әжетхана есігін бектіп қойған.

Көп ұзамай ортаншы және үлкен ұлы және бұрынғы күйеуі әйелді қаладан оралмағанына байланысты дабыл қағады. Бірнеше күннен кейін әйелге іздеу жарияланды. Алайда, кенже ұлы белсенді қатысқан іздеу әрекеті сәтті болмаған.

Әйелдің сүйегі бес айдан кейін ғана табылған. Қараусыз қалған үйдің қожайыны шаруасымен келіп, әжетханадан бөренені тауып алған. Оны шетке итеріп жібергенде, ол қоқыс шұңқырында бірдеңені байқайды. Бұл әйелдің сөмкесі болып шыққан, оны алып, ашқанда жоғалған әйелдің жеке куәлігін тауып алады.

Тергеу кезінде жігіт анасын өлтіргенін бірден мойындаған. Психологиялық сараптама адам өлтіру кезінде жасөспірімнің мас күйінде болғанын, бірақ сонымен бірге оның есі дұрыс екенін анықтады. Алайда, тергеу кезінде оның тәуелділігі мен кінәні сезінуі психикалық бұзылысқа әкеліп соқтырған.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, судья жасөспірімнің аса ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, кәмелетке толмағандар колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген.