Алматы облысындағы ауылдарды су шайды

Алматы облысының кейбір ауылдарында толассыз жауған жаңбырдан сел болған. Әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сел Алматы облысының Жамбыл ауданы Қараарша және Бесмойнақ ауылдарында болған. Куәгерлердің айтуынша, ауылдарын су шайып кеткен.

21 шілде күні кешке оқиға орнынан видеолар тарап жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көрші елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Әзірше зардап шеккендер мен су басқан үйлер туралы да мәлімет айтылмады