Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz

Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
фото: diapazon.kz

«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 20 шілдеде шамамен сағат 19:40-та Қарғалы тұрғын алабында болған.

«Сәтбаев пен Құрғұлов көшелерінің қиылысында бір автобус пен екі жеңіл көлік, атап айтқанда, «ВАЗ 21074», «Chevrolet Cobalt» және «ПАЗ-32053» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан көліктердің біріндегі жолаушы алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.