20.07.2023, 15:13

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

Фото:shymkent.gov.kz

20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - деп жазды комитеттен.