Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz Антикорға сілтеме жасап.
Ия, біз оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Сондай-ақ, Антикор өкілі біраздан соң толық ақпараттың жарияланатынын айтты.