Роза Рымбаева Димаш Құдайбергеннің «Халық әртісі» атағына қаншалықты лайық екенін айтты

Танымал әнші Роза Рымбаева “Еркін сұхбат” бағдарламасында “Қазақстанның Халық әртісі” атағына кімдердің лайық екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Роза Рымбаева Димаш Құдайбергеннің «Халық әртісі» атағына қаншалықты лайық екенін айтты
Коллаж: Stan.kz

Мен жеті конкурстың лауреаты болғандықтан, Халық әртісі атағын алдым. Жыл сайын конкурстарға қатысып, өз өнерімнің жоғары деңгейде екенін дәлелдеу үшін Қазақстан кеңістігінде ғана емес, Кеңес Одағы кезінде де мен гастрольде жүретінмін. ТМД халқы менің өнерімді жоғары бағалайды. Ол да Қазақстан өнерінің, мәдениетінің деңгейін көрсету деген сөз, – дейді өнер иесі.

Роза Қуанышқызы “Қазақстанның Халық әртісі” атағының жойылып, не себепті қайта жаңғыруына қатысты пікір білдірді.

Не себепті жойылғанын білмеймін. Мүмкін, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін болса керек. Мен КСРО Халық әртісі болдым. Қазақстан егемендік алғаннан кейін “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” деген жаңа атақ пайда болды. Бірақ бұл атақ кейінгі жылдары 200-ге жуық әртіске берілді. Ал “Халық әртісі” деген атақ – жоғары деңгей. 200 әртіс “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” болсын, “Халық әртісі” – ең жоғарғы, мемлекеттік құрметті атақ. Сол себепті мен оның қайта жаңғырағанын қолдаймын. Мысалы, біздің сүйікті бауырымыз Димаш пен тойдың әншісі сол атақты алды. Бірақ екеуін салыстыруға бола ма? Жоқ, Димаш – дүниежүзілік деңгейдегі әртіс. Композитор, әнші Батырхан Шүкеновті жай ғана ел арасында жүрген әншімен салыстыруға бола ма? Жоқ. Сондықтан осындай жарық жұлдыздарымызға “Қазақстанның Халық әртісі” атақ берілу керек деп санаймын, – деді Роза Рымбаева.