Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Туризм: Алматыда демалуға сұраныс артып келеді

Алматы қаласы әкімдігі, туризм басқармасының қолдауымен биыл 1 шілдеде Оманнан Алматыға тікелей әуе рейсі ашылғаннан кейін шетелдік туристер жиі келе бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Туризм: Алматыда демалуға сұраныс артып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінен

Сапар бағдарламасында Алматының ең танымал көрікті жерлері, шопинг және қаланың үздік мекемелері бойынша гастротур бар.

«Алматы Таяу Шығыс елдерінен келген кәсіпкер туристер мен қарапайым саяхатшылар арасында үлкен танымалдылыққа ие бола бастады. Біз Оманнан келген қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз, олардың сапары жағымды әрі есте қаларлық болатынына сенімдіміз. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға туристік дестинация ретінде қызығушылық артып келеді, біз бұл жұмысты жалғастырып жатырмыз», – деді Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Ол «Алматы-Маскат» бағыты бойынша жаңа рейсті ашудың мақсаты Қазақстан мен Оманның туристік әлеуетін дамыту, екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту екенін айтты. Оның сөзінше, туризм басқармасы Алматы қаласын халықаралық нарықтарда белсенді түрде ілгерілетуде. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінен туристерді тарту үшін Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы және Оманның ірі қалалары бойынша роуд-шоу ұйымдастырылды. Былтыр Алматы туризм басқармасының өкілдері Dubai – Arabian Travel Market 2022 көрмесіне қатысты.

Айта кетерлігі, пандемия тоқтаған сәттен бастап Алматыда туристер көбейе бастады. 2022 жылы мегаполиске келген әрбір төртінші турист шетелдік. 2022 жылы Алматыда шетелдік туристер саны 417 мың адамға жетті. Биыл бірінші тоқсанда қалаға басқа елдерден 400 мыңнан астам турист келген.

Бүгінде Алматыдан әлемнің кез келген жеріне ұшуға болады. Ұшу кестесінде 23 елге рейс бар. Атап айтсақ, Ресей, Грузия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Ұлыбритания және т.б. Шетелдің 38 қаласына тікелей рейстер ашылған.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап Оманнан Алматыға тікелей әуе рейсі ашылғаннан кейін шетелдік туристер жиі келе бастады. Сапар бағдарламасында Алматының ең танымал көрікті жерлері, шопинг және қаланың үздік мекемелері бойынша гастротур бар. Алматы-Маскат» бағыты бойынша жаңа рейсті ашудың мақсаты Қазақстан мен Оманның туристік әлеуетін дамыту, екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту болып отыр.