Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қарағанды балабақшаларының бірінде балалар хлордан уланып қалды

ekaraganda.kz ақпарат агенттігіне қарағандылықтар хабарласып, қаладағы балабақшалардың бірінде балалар хлордан уланып қалғанын айтқан. Ата-аналардың сөзінше, біреулер асқазанын шайдырып, жеңіл өтсе, енді бірінің өңеші күйген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekaraganda.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Қарағанды балабақшаларының бірінде балалар хлордан уланып қалды
Фото: inform. kz

Ата-аналардың бірі Алина Ливаншоның баласының бұл балабақшаға барып жүргеніне бірнеше жыл болған. Ананың айтуынша, оқиға 10 шілде кешке болған. Балаға өңештің және асқазанның екінші дәрежелі химиялық күйігі деген диагноз қойылды. Қазір ол балалар ауруханасында ем алып жатыр. Баланың жағдайы қалыпты, бірақ отбасы рентген нәтижесін күтіп отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы уланған бала 10 шілде күні Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына түскенін айтты.

«Баланы тексеріп, ем тағайындадық. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты, қанағаттанарлық деуге болады. Шығуға дайындалып жатыр», - деп толықтырды мекеме.

Қарағанды қалалық білім беру бөлімі 11 шілдеде, яғни оқиғадан бір күннен кейін кінәлі адамдар тәртіптік жауапқа тартылғанын атап өтті:

«2023 жылдың 10 шілдесінде «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы» КММ-да шамамен 18:30 шамасында серуенге шыққан «Еркетай» тобының балалары су сұраған соң, тәрбиеші топқа барып шәйнектен су құйып алған. Ал оған тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті қақтан тазарту үшін бір таблетка део-хлор салып қойған болып шықты. Тәрбиеші бұл туралы білмеген. Екі бала ерітіндіден бірнеше ұрттам ішкен. Медицина қызметкері 18:55-те жедел жәрдем бригадасын шақырды. 11 шілдеде кінәлілер – медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жауапқа тартылды», - деп хабарлады мекеме.