Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«6 айда пәтер алып беремін»: Астанада қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

Астанада "Отбасылық капитал" қаржы пирамидасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

«6 айда пәтер алып беремін»: Астанада қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
Фото: sputniknews.kz

Тергеу материалдарына сәйкес, пирамида ұйымдастырушысы елордалықтарға алты айда пәтер алып беруге уәде еткен.

"Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісім-шарт жасасқан. Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін инвестиция құю, артық төлем – 30-дан 60 пайызға дейін, тұрғын үйді алудың күту мерзімі – 6 айдан 10 айға дейін", - делінген агенттік хабарламасында.

Алайда қала тұрғындары уәде етілген пәтерлерін алмаған, пирамидаға салған қаржылары да кері қайтпаған. Қазіргі кезде шығынның жалпы сомасы 450 миллион теңгені құрап отыр.

"Отбасылық капиталдың" басшысы қамауға алынды.