Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ақтауда ойын алаңында баланы ұрған әйел қамауға алынуы мүмкін

Оқиға Ақтаудағы 17 шағынауданда №54 үйдің маңындағы футбол алаңында болған, деп хабарлайды Paryz.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда ойын алаңында баланы ұрған әйел қамауға алынуы мүмкін
Фото: видеодан скриншот

Видео авторының айтуынша, балалар футбол ойнап жүрген. Бір кезде балалардың бірі тепкен доп екінші балаға тиген.

«Доп тиген баланың әжесі немересін қорғап, ренжіткен баланы ұра бастаған. Зардап шеккен баланың анасы бұл уақытта қалада болмаған, ал әкесі жұмыста болған», - дейді куәгер.

Полиция департаментінен хабарлағандай, тәртіп сақшылары аталған мекенжай бойынша тексеру жүргізген және факті расталған. Оқиға 14 шілдеде болған. 15 шілде күні кешкісін таяқ жеген баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасына жүгінген.

«64 жастағы әйелге ҚР Әкімшілік кодексінің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) бойынша хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Айыпталушы 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.