Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мемлекеттік емханаларда істейтін дәрігерлердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап өседі

Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың медициналық қызметкерлерінің жалақысы артады. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың лауазымдық еңбекақысына түзету коэффициенттері көтеріледі.

Мемлекеттік емханаларда істейтін дәрігерлердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап өседі
© Sputnik / Николай Хижняк

Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды және 28 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылған.

Жоба үкіметтің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізуді көздейді.

1 қыркүйектен бюджеттік ұйымдардың дәрігерлерінің еңбекақысына түзету коэффициенті 2,73-тен 3,42-ге дейін, орта деңгейдегі медқызметкерлерде 2,05-тен 2,34-ке дейін өседі.

2023-2025 жылдарда мемлекеттік бюджеттен 22 мың қызметкер үшін 36,11 млрд теңге қажет:

2023 жылы – 5 млрд теңге,

2024 жылы – 15 млрд теңге,

2025 жылы – 15,7 теңге шамасында.