Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 шілде күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қыздың денесін ауыл тұрғындарының бірінің үйінен тапты. Қыздың денесінде жарақат іздері болған.
Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Істің мән-жайын анықталып жатыр.
Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды.
«Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында»,-делінген хабарламада.