Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Боксшы Шүменовтің балалы адамды ұрып-соққан оқиғасы: ІІМ қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Ішкі істер министрілігі Астанаағы  «MEGA SILK WAY» сауда- ойын сауық орталығындағы бұзақылықты тергеп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz

Боксшы Шүменовтің балалы адамды ұрып-соққан оқиғасы: ІІМ қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Фото: tengrinews.kz

Ведомство хабарлағандай, 18 маусымда Астанадағы аталған сауда орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады», - делінген ІІМ хабарламасында.

Еске салайық, жуырда әлеуметтік желіде елордадағы сауда-ойын орталықтарының бірінде екі ер азаматтың жаға жыртысқан видеосы тарады. Кадарлардан кафеде тамақтанып отырған азаматтың орнынан тұрып, көрші үстелде баласын қолында ұстап отырған ер кісіні жұдырықпен ұрғанын көруге болады.