Ақтөбеде 2020 жылы туған бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Диапазон» басылымының жазуынша, бала жасанды тыныс алу аппаратына ауыстырылған.
«Гемодинамикасы салыстырмалы түрде тұрақты, тахикардия, аралас жарақат, жұлынның жабық жарақаты, үшінші кеуде омыртқасының сынуы деген диагноздар қойылды. Гемопневмоторакс, яғни қанның плевра қуысында, екі жағында да жиналуы байқалады, бауыры көгерген», – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Полицейлер мен дәрігерлер ата-аналардан мұқият болуды, балаларды қараусыз қалдырмауды, москит торларының баланың салмағына төтеп бере алмайтынын ескертеді.