Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

26 миллион теңге пара: Антикор шенеуніктердің мемаудиторлармен сөз байласуын әшкереледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік аудиторлардың білім саласындағы жымқыруларды жасырғанын мәлім етті. Күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Paryz.kz.

26 миллион теңге пара: Антикор шенеуніктердің мемаудиторлармен сөз байласуын әшкереледі
фото: tengrinews.kz

Қылмыстар мемлекеттік аудиторлардың жасырушылығымен жасалғаны қылмыстық істердің материалдарымен расталған.

"Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты "өлі жандардың" шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған. Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған. Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылды", - дейді ресми өкіл Арман Тілеукенов.

Осыған ұқсас факт Алматы облысында анықталды, онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 миллион теңге сомасында пара алған. Осы факт бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Сонымен қатар, Түркістан облысында мемлекеттік ревизор - облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.