Мәдениет және спорт министрлігі 3 шілдедегі бұйрығымен спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайын төлем жасау қағидасын бекітті.
Енді жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар өмір бойы ай сайын мынадай мөлшерде материалдық көмек алады:
Материалдық қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебінен дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы төленеді.
Материалдық қамсыздандыру сомасы спортшылардың екінші деңгейлі банк шотына аударылады.
Допинг қолданған немесе қолдануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылып, өмір бойғы төлем тоқтатылады.
Бұйрық 2023 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.