Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот үкімі шықты

Алматыда 2022 жылғы 5 қаңтарындағы Алматы халықаралық әуежайын басып алу ісіне қатысты– сот үкімі шықты. Бұл туралы Paryz.kz қалалық соттың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот үкімі шықты
фото: nur.kz

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот 2022 жылғы 5 қаңтарында Тілеужанова мен Нұрпейісовтің Алматы әуежайында бүлік шығару, өрт қою, мүлікті жоюмен бірге жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын анықтады. Әуежайда оларға Дәлібаев, Шилібаев, Кәрменов қосылған.

"Алматыға ҰҚШҰ әскери контингентінің келуі жоспарланғанын білген сотталушылар бұған жол бермеу туралы шешім қабылдады. Олар әуежайдың бақылау қызметіне шабуыл жасап, оны басып алды. Көліктерді айдап әкетіп, кеңсе радиостанциясын ашық ұрлаған" делінген сот мәлімдемесінде. Айыпталған 5 адамға сот мынадай үкім шығарды:

Әйгерім Тілеужанова – 4 жылға, Қалас Нұрпейісов – 8 жылға, Нұрлан Дәлібаев – 8 жылға, Ермұхамет Шилібаев – 8 жылға, Жанайдар Кәрменов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысында айыпталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамады. Сондай-ақ олар бір-бірімен алғаш рет тек сотта танысқандарын айтты. Дәлібаев, Шилібаев және Кәрменов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы

"Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және Қылмыстық кодекстің 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айыпталды. Нұрпейісовке Қылмыстық Кодекстің 272 және 269-баптарынан бөлек 200-бап бойынша "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" және 191-бап "Тонау" бойынша жаза тағайындалды.

Ал Тілеужановаға Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздік" бойынша үкім шықты. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.