LRT-ның бетон бағанасына соғылған көлік жүргізушісі ішімдік ішпеген. Бұл туралы Астана қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупеков айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап
Тексерудің алғашқы қорытындысы жүргізушінің сау болғанын көрсетті. Бейнебақылау камераларынан көпірге көтерілу кезінде Jusan Bank ғимаратына қарама-қарсы «Сергекте» жылдамдықтың сағатына 66 шақырым, яғни шамалы артық болғанын көріп отырмыз. Соқтығыс уақыты, жылдамдық зерттеліп жатыр. Бір жүргізуші қаза болды. Сараптамаларға сәйкес, ол сау болған. Жол апаты не себепті болғаны белгісіз, - деді Чупеков «Жеті күн» бағдарламасында.