Академик Сайлау Байзақов өмірден озды

Танымал ғалым Сайлау Байзақов өмірден озды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Академик Сайлау Байзақов өмірден озды
Фото: inform.kz

«Құрметті достар, бүгін менің сүйікті атам өмірден озды», - деп жазды немересі Наурыз Байзақов Facebook парақшасында.

Экономика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпарат және Халықаралық менеджмент академияларының академигі Сайлау Байзақов 1937 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.

Ол Экономикалық зерттеулер институтының компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Экономикалық зерттеулер институты директорының орынбасары, Менеджмент ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Жоғарғы кеңесінің бас сарапшысы, ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының директоры, Tacis EDKZ 9602 жобасының жергілікті кеңесшілерінің жетекшісі, Климаттың өзгеруін үйлестіру орталығының макроэкономикалық тобының жетекшісі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылым жөніндегі вице-президенті, директоры, Экономикалық зерттеулер институты«АҚ орталығының ғылыми жетекшісі – директоры қызметтерін атқарған. Ғалымның артында 200-ден астам ғылыми еңбегі қалды.