ҚМГ «бұрынғы қызметкердің әйеліне» қатысты жанжалды видеоға пікір білдірді

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Асқар Әубәкіровтың әйелі делінген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚМГ «бұрынғы қызметкердің әйеліне» қатысты жанжалды видеоға пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz

Блогер Ербол Еділов Telegram-арнасында Ботагөз Көшенова түсірілген видеоны көрсетті. Онда әйел қымбат эксклюзив әшекейлер тағып, брендтік киімдер кигені көрінеді.

"Көшенова - 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына дейін "ҚазМұнайГаз" БӨ АҚ сатып алуларын "қадағалаған" Асқар Әубәкіровтың әйелі. Ол 2012 жылдың қаңтарында ол жерден жұмыстан шығарылды", - деп жазған Еділов.
Ел жаңалықтары
ҚМГ "бұрынғы қызметкердің әйеліне" қатысты жанжалды видеоға пікір білдірді. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Асқар Әубәкіров ҚМГ жүйесінде 11 жылдан бері жұмыс істемейтінін хабарлады.

"Соңғы атқарған қызметі "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары болды, ол 2012 жылдың қаңтарында қызметінен кетті.

Заңға сәйкес көрінеу жалған ақпаратты тарату және орналастыру жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз. Біз Қазақстан азаматтарын және БАҚ өкілдерін тек ресми деректерге сенуге, арандатушылыққа бой алдырмауға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - деді ҚМГ өкілдері.