Қазақстан ең көп ішетін елдер тізімінде 100-ші орында

Әлемдегі ең көп ішетін елдердің рейтингін АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы жасаған. Қазақстан бұл тізімде 189 елдің арасында 100-ші орында тұр, деп хабарлайды paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан ең көп ішетін елдер тізімінде 100-ші орында
фото:pexels

Қазақстандықтар жылына бір адамға 3,73 литр таза алкогольді ішеді. Мұндай сандар ЦРУ-ның есептеулерін көрсетті. Халықаралық статистика бойынша Қазақстан 100-ші орында, деп жазады The Sun.

Алкогольді тұтыну бойынша алғашқы үштікке Кук аралдары, Латвия және Чехия тұрғындары кірді. Онда тұрғындар сәйкесінше 12,97, 12,9 және 12,73 литр алкогольді ішеді.

Біздің көрші елдерде де ішімдікке салыну деңгейі жоғары емес. Қырғызстан 96-шы орында (4,02 л), Түркіменстан - 117-ші (2,88 л), Өзбекстан - 124-ші (2,45 л) орналасқан.

2023 жылдың басында ДДҰ алкогольді тұтыну деңгейі ең жоғары елдердің тізімін жариялады. Қазақстан Ұйым рейтингіне енген жоқ.