Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда тоғыз банк таратылады

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Бұл ретте тоғыз банк бойынша тарату процесі жүріп жатыр. Бұл мәліметті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келтірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда тоғыз банк таратылады
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Белгілі болғандай, агенттік 2022 жылдың басынан бері екінші деңгейлі банктердің басшы қызметкері лауазымына 13 үміткерді бекітуден бас тартқан.

«Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап Агенттік басшы қызметкер лауазымына 10 кандидатты келісуден бас тартты.

Сақтандыру секторында 26 ұйым жұмыс істейді, 2022 жылдан бастап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына 11 кандидатты келісуден бас тартты.

Микрокредит беру секторында 252 микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиясынан айырылды», - делінген құжатта.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында әрекеті не әрекетсіздігі қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға әкеп соққан тұлғаларды Агенттіктің есепке алу мүмкіндігі көзделмеген.

«Осыған байланысты өзге қаржы ұйымдарында олардың басшылық лауазымға орналасуына жол бермеу мақсатында осы адамдардың есебін жүргізу және бақылау жүргізу ұсынылады.

Осылайша, уәкілетті орган жосықсыз адамдардың қаржы секторындағы лауазымдарға орналасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдай алады», - делінген құжатта.

Құжатты қоғамдық талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.