Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Астана дәмханаларына бұралқы иттердің етін сатқан адам айыппұлмен құтылды

Қылмыстық іс қабылданғаннан кейін Шортанды аудандық полиция бөлімінің тергеушісі іс материалы 4 томнан тұратынына қарамастан, екі апта ішінде материалды хаттамалық үлгіде сотқа жолдап үлгерді.

Астана дәмханаларына бұралқы иттердің етін сатқан адам айыппұлмен құтылды
Фото: ашық дереккөз

Шортанды аудандық сотының үкімімен ер адамға 200 АЕК (690 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, биыл ақпан айында Ақмола облысының полициясы жануарларға қатыгездік көрсету бойынша қылмыстық істі тіркеген болатын.

Шортанды ауданы Дамса ауылының 41 жастағы тұрғыны бұралқы иттерді аулап, сойып, етін сатқан. Полицейлер оның үйін тінту кезінде иттің 750 келі етін тапқан еді.

Астана қаласындағы дәмханалардың бірінің қызметкерлері бұған дейін күдіктіден 150 келідей ет сатып алғанын, ол үшін 100 мың теңгеден аса ақша төлегенін айтты. Ер адам бұрын ветеринария саласында жұмыс істеген және иттерді қалай ату керек екенін білген, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

Тінту кезінде полицейлер жануарларды ұйықтататын жебелерді тауып, ол құралдар соттан кейін жойылды.