05.07.2023, 14:49

Президент Ресейдегі Елші Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма жүктеді

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.