Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы шетелде ұсталды

Іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы шетелде ұсталды
Фото: t.me/antikornews

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды», – делінген Антикор хабарламасында.

Қазір Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.