Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Астананы көшіру оңай болмады – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Астананың 25 жылдығы егіз қалалардың мерейтойлық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астананы көшіру оңай болмады – Тоқаев
Фото: spik.kz

«Биыл еліміздің Астанасының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бұл – берелі белес. Біз ширек ғасыр бұрын Астанамызды Алатаудың баурайынан Арқа төсіне көшірдік. Есілдің жағасына ел қондырып, жаңа қаланың іргесін қаладық. Бүгін осы маңызды жиынға елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті ардагерлер, спорт қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр. Олар тәуелсіз Қазақстанның тірегі болған Астананың құрылысына атсалысты. Кеңес заманындағы ескі шаһардың қазіргі заманға сай озық қалаға айналуына зор үлес қосты. Мен баршаңызға шынайы алғыс айтамын. Шын мәнінде, Астана қаласының салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды», - деді Тоқаев.

Президент атағандай, елорданы көшіру оңай болмады.

«Өздеріңізге мәлім, елорданы көшіру оңай болған жоқ, қомақты жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Жұрт нарықтық қатынастарға толық бейімделмеген кез еді.Осындай қиын жағдайда Жоғарғы Кеңес Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Елорданың жылнамасы тәуелсіз Қазақстанның шежіресімен тығыз астасып жатыр. Шын мәнінде, астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды», - деді Тоқаев.