Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Оралдағы оқушы қызды зорлау ісіне қатысты тың мәлімет жарияланды

Орал қаласында 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына қатысты тың мәлімет пайда болды. Қыз зорлағандар қатары тағы біреумен толығып, 5 адамға жетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Фото: stan.kz

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Astana.tv-ға оның кәмелет жасқа толған азамат екенін, сондықтан қылмыс орын алған пәтерді сол жалдағанын айтқан. Қазір ол қамауға алынған.

"Қорғансыз қызды жәбірлегендер - 9 және 10-сынып оқушылары мен бір студент. Қыз бала жасөспірімдердің біреуін ғана танитынын айтты, соның сөзіне еріп пәтерге барған. Сол кезде ішімдікке масайған жігіттер оны зорлапты. Жәбірленушінің ішімдік ішпегенін анықтадық. Күдіктілер бұған дейін ұрлық пен тонау секілді қылмыс жасағаны үшін істі болған. Біреуі тіпті үш рет сотталған. Олар айыпталған бап бойынша 20 жылға соттау жазасы қарастырылған".Орал қаласы ПБ бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Виктор Котельников