Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Министр депутаттың қашқын ұлы дұрыс тәрбие көрмегенін айтты

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Министр депутаттың қашқын ұлы дұрыс тәрбие көрмегенін айтты
фото: tengrinews.kz

Ол әскери бөлімнің бақылауында болған. Бірақ өз еркімен кетіп қалған. Әскер – жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын колония емес. Аталған мәселеге қатысты тәрбиеден болған кемшілік деп санаймын, – деді Руслан Жақсылықов Үкімет кулуарында.

Министр депутаттың ұлын қандай жаза күтіп тұрғанын айтты.

«Оның әскери бөлімнен кетіп қалуына жол берген офицерлер тәртіптік жазаға тартылады. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін», – деді министр.

Еске салайық, бұдан бұрын заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растап, қатардағы жауынгердің мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашқанын мәлім етті.