03.07.2023, 19:56

«ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдері кәсіпкерден ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен ұсталды

Фото: inform. kz

2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.