Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Экс-министр Мұхамедиұлының адвокаты ұсталды

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев ұсталды, - деп хабарлайды Paryz.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экс-министр Мұхамедиұлының адвокаты ұсталды
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ведмоство мәліметінше, экс-мәдениет және спорт министрінің адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген.

Антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істерді жедел сүйемелдеу аясында сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке араласуға бағытталған аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғаны анықталды.

А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған.

Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.

Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.