Абай облысында тағы өрт шықты

Абай облысы Көкпекті ауданында кешеден бері дала өртінің беті қайтпай жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Абай облысында тағы өрт шықты
фото: ТЖМ

Абай облысында кешеден бері дала өртінің беті қайтпай жатыр

Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 2 шілде күні сағат 11.00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде шыққан. Тілсіз жау ашық алаңда қамысты шарпып жатыр.

«Оқиға орнына жергілікті атқарушы орган қызметкерлері дереу келіп жетті. Қазіргі уақытта болжам бойынша қызыл жалынның жалпы ауданы 200 гектарды құрайды. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Ешкім зардап шекпеді», - делінген ақпаратта.

Үлгілі Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша өртпен күреске ТЖД күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.