Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың түпнұсқасының болмауына байланысты Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сот Қайрат Боранбаевқа, Роман Нахановқа және Тайыр Жанұзаққа қатысты 2023 жылы 31 наурызда шыққан сот үкімнің күшін жойды. Оған себеп - «ҚазТрансГаз» АҚ ұсынған газ бағасы туралы Ресей тарапындағы бастапқы деректердің болмауы.
Бағадағы айырма газ бағасын көтеру түріндегі қылмыс ретінде қарастырылды.
Алайда, бұл хаттаманың түпнұсқасы жоқ екендігі нақтыланады. Сот алқасы «ҚазТрансГаз» қызметкерлерінің хат-хабарларынан алынған электрондық көшірмені түпнұсқаның болмауына байланысты жеткілікті дәлел ретінде санамады.
«Көшірменің 18-тармағында Қазақстанға 1 мың текше метр ресейлік табиғи газды 145 АҚШ доллар бағасымен қосымша жеткізу жайы қамтылған. Сотта зерттелген 17 тармақтан тұратын 12.07.2019 жылғы отырыс хаттамасының түпнұсқасында бұл арасы жоқ. Сот үкімінде бұл құжаттардың түпкі көздері анықталмаған, яғни 18 тармақтан тұратын хаттаманың көшірмесі қайдан алынғаны, көрсетілген хаттама неге орындауға бағытталмағаны, осы тармақ шешімнің соңғы нұсқасына неге енбей қалғаны көрсетілмеген. Осылайша, сот үкімі қылмыстық іс жүргізу заңын бұза отырып шешілді, соттың айыптау қорытындылары болжамдарға негізделген, құжаттардың түпнұсқалары болмаған, көшірмелерге сүйенген, олардың дұрыстығы мен шынайылығы күмән тудырады, жол берілмейтін 7 дәлелдемелер пайдаланылды және талданбаған, шынайылығы тексерілмеген және басқа объективті дәлелдемелермен расталмаған дәлелдемелер пайдаланылды», делінген хаттамада.
Сондай-ақ сот хаттамасында алаяқтық схемасын дәлелдейтін дәлелдер жоқ екені айтылған.