01.07.2023, 15:56

Алматыда көшеде ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Фото: t.me/egovpress

Алматының Байзақов көшесінде ер адамды атып кетті, ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

«Алматы қаласы Полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туған И. есімді күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған», - деп хабарлады ведомстводан.