Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Алматы облысында мерекелік шара кезінде әкімдік қызметкері қайтыс болды

30 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өтті, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында мерекелік шара кезінде әкімдік қызметкері қайтыс болды
Фото: nege.kz

Іс-шара аяқталғаннан кейін форумға қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есіне келместен қайтыс болған.

Алматы облысының әкімдігі марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін хабарлады. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.

Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау.

Әкімдік осы жайт қызметкердің халінің нашарлауына себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.

"Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі, – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.