Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Тоқаев екі судьяны теріс қылығы үшін қызметінен айырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі судьяны теріс қылығы үшін жұмыстан шығарды. Олардың бірі сыбайлас жемқорлық үшін сотталған, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Тоқаев екі судьяны теріс қылығы үшін қызметінен айырды
Фото: Ulysmedia.kz

"Қостанай облыстық сотының судьясы Дудин Игорь Игорьевич  – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату қажеттілігі туралы сот жюриінің шешімі бойынша; Тараз қалалық сотының төрағасы Алтынбек Әсіпбекұлы Мадмаров – соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты атқаратын қызметінен босатылсын", - делінген Тоқаевтың Жарлығында.

Айта кетейік,  жақында Дана Тоқмұрзина Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылған.