Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыдағы Туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды

2022 жылы мегаполиске 1,8 млн турист келді: 2021 жылмен салыстырғанда өсім 48%-ды құрады. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыдағы Туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Туристік лектің ұлғаюы тиісті инфрақұрылымның дамуына әкелуде. Өткен жылы мегаполисте 2,2 мың төсек-орынға 34 жаңа орналастыру орны құрылды. Қала тау туризмі арқылы шетелдіктер үшін тартымды: өткен жылы ұзындығы 150 км 12 маршрут пен 3 кемпинг аймағын абаттандыру аяқталды.

Соңғы жылдарытуризм туралы ең жоғары деңгейде жиі айта бастады. Мемлекет басшысының соңғы үндеуін қарасақ, ол туризмді мақсатты экономика, жұмыс орындары ретінде қарастырудың қаншалықты маңызды екенін атап өтеді. Ал туризм саласында көрме өткізіп тұру сала дамуын бақылаудың тиімді құралы. Көрме нарықтың қалай дамып жатқанын, турагенттер, туроператорлардың немен айналысып жатқанын, турбизнестің басқа өкілдері не істеп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Ал халықаралық көрме – көршілеріміз, серіктестеріміздің қалай дамып жатқанын көруге мүмкіндік беретін айна.

Өткен жылы 18 жасқа дейінгі балаларға ел ішінде тегін саяхаттауға мүмкіндік беретін «Kids go Free» сияқты механизмдерді енгізілді. Сондай-ақ, туроператор Қазақстанға тартатын әрбір шетелдік турист үшін 15 мың теңге көлемінде төлемді субсидиялауды енгізілген. Биыл біз 5 пайыздық кэшбекті, ал келесі жылы 20 пайызға дейін кэшбекті іске қосу жоспарланып отыр. Бұл да салаға серпін береді.

Алматы – Орта Азия өңірінің ірі іскерлік және қаржы орталығы. Ұзақ уақыт бойы қала жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша жетекші орынға ие және ел экономикасының бестен бір бөлігін құрайды. Өткен жылы Алматыға 1 800 000-нан астам турист келді (өткен жылмен салыстырғанда 48,3%-ға өсті), оның ішінде шетелдік турист – 417 353 адам. (2,5 есе ұлғайту), орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 56,1 млрд теңгеден асты.

Айта кетейік, 2022 жылы мегаполиске 1,8 млн турист келді: 2021 жылмен салыстырғанда өсім 48%-ды құрады. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлімдеді.Спикердің айтуынша, туристік лектің ұлғаюы тиісті инфрақұрылымның дамуына әкелуде. Өткен жылы мегаполисте 2,2 мың төсек-орынға 34 жаңа орналастыру орны құрылды. Қала тау туризмі арқылы шетелдіктер үшін тартымды: өткен жылы ұзындығы 150 км 12 маршрут пен 3 кемпинг аймағын абаттандыру аяқталды.