Алматыда Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл атап өтілді

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің депутаты әрі Мәдениет комитетінің төрайымы Ганире Пашаевамен кездесу өтті, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл атап өтілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Профессор, ғылыми докторы Ганире Пашаеваның еліміздегі ұлттық университеттер мен мәдени және ғылыми орталықтарға жасаған сапары Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай өтуде. Аталған кездесу тақырыбы да «Гейдар Әлиевтің 100 жылдығында Түркі әлемі» деп аталады.

Кездесуде Ганире ханым өз сапарының мақсаты және Түркі мемлекеттері арасындағы білім мен мәдениет саласындағы қарым-қатынастарға, өткені мен бүгініне тоқталып өтті. Сондай-ақ, Түркі әлемінің қазіргі интеграциясына қатысты ойларымен бөлісті.
«Қазіргі түркі мемлекеттерінің өзара интеграциялық байланыстарының дамуы мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерлеріне тікелей байланысты», – деді Генире ханым.

Шараға соңында қатысушыларға Ганире Пашаева қазақ тілінде жарық көрген жыр жинағын тарту етті.

Әлиев Гейдар Алиреза оглы (Нахичевань, Әзірбайжан 05/10/23 туған - 12.12.03 Кливленд, АҚШ-та қайтыс болған) - 30 жыл бойы республикалық МҚК депутаты және төрағасы болып еліміздің ең ықпалды саясаткерлердің бірі болды әзірбайжан мемлекет қайраткері, Республикалық хатшысы Коммунистік партия мен тәуелсіз Әзірбайжан репрессиялық және авторитарлық президенті.

2023 жыл Гейдар Әлиев жылы деп жарияланды. Бұл айтулы дата Әзербайжанда және әлемнің басқа да елдерінде кеңінен аталып өтілуде. Қазақстан да бұл мерейтойға ат салысып жатыр. Биылғы сәуір айында Астанада Гейдар Әлиев атындағы жаңа көшенің ашылу салтанаты болды.

Бұл іс-шараға Қазақстан мен Әзербайжан лидерлері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қатысты. Осындай қадамдар арқылы халықтарымыздың достығы да нығая бермек. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің депутаты әрі Мәдениет комитетінің төрайымы Ганире Пашаевамен кездесу өтті. Профессор, ғылыми докторы Ганире Пашаеваның еліміздегі ұлттық университеттер мен мәдени және ғылыми орталықтарға жасаған сапары Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай өтуде. Аталған кездесу тақырыбы да «Гейдар Әлиевтің 100 жылдығында Түркі әлемі» деп аталады.