Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда жеңіл атлетикадан тегін секциялар жұмыс істейді

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасы қала мектептерінің базасында үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жеңіл атлетикадан тегін секциялар жұмыс істейді
Фото: almaty-akshamy.kz

Бағдарламаға қаланың 8 ауданындағы 31 мектеп қатысады. Барлық жалпы білім беретін мектептің оқушылары жеңіл атлетикамен айналыса алады.

Атап айтқанда, жаттығу мына спорт түрлері бойнынша өтеді:
Қысқа қашықтыққа жүгіру;
Ұзын қашықтыққа жүгіру;
Кедергілермен жүгіру;
Эстафета;
Ұзындыққа секіру;
Таяқпен секіру;
Арқанмен секіру;
Найка лақтыру;
Доп лақтыру;
Нысанаға лақтыру;
Спорттық жүру.

Оған 6-16 жас аралығындағы балалар қабылданады. Жаттығу 1,5 сағаттан аптасына 3 рет, жазда да өтеді. Жарыс айына екі рет өткізіледі. Жаттығу мен жарыс барысында балалар кәсіби спортқа жолдама ала алады. 3 жылда 130 бала олимпиадалық резерв мектебіне (№2 БЖМОРМ) ауыстырылды. Толық ақпаратты Алматы қаласы жеңіл атлетика федерациясынан +77019372525 телефоны арқылы алуға болады.

«Қаламыздағы мектептердің базасында өтетін «Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасы балалар үшін өте тиімді болып отыр деп айта аламын. Өйткені менің мектеп жасыцндағы үш балам бар, үшеуі де спортқа бейім. Биыл үшінші жыл қатарынан «Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасына қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, шынығып жатыр. Ең маңыздысы, осы жоба арқылы кез келген спорт сүйген бала үлкен спортқа жолдама ала алады. Сол себепті де балаларымыздың бетін қақпай, белін буып, спортқа баптап қосып жүрміз», - дейді алматылық көп балалы ана Қымбат Әлжанова.

Алматылықтардың айтуынша, бұл жоба өте тиімді. балалардың жазғы уақытын ұтымды ұйымдастыруға да септігі тиіп отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасы қала мектептерінің базасында үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Бағдарламаға қаланың 8 ауданындағы 31 мектеп қатысады. Барлық жалпы білім беретін мектептің оқушылары жеңіл атлетикамен айналыса алады.

Атап айтқанда, қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзын қашықтыққа жүгіру, кедергілермен жүгіру, эстафета, ұзындыққа секіру, таяқпен секіру, арқанмен секіру, найза лақтыру, доп лақтыру, нысанаға лақтыру, спорттық жүру сияқты жаттығулармен айналыса алады