Өскеменде ХҚКО аумағында орналасқан ғимарат өртенді, - деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, Өскеменде қойма, сонымен қатар ХҚКО шатырының ағаш конструкциялары өртенген. Өртті сөндіруге жеке құрамның 300-ден астам адамы мен 10 техника жұмылдырылды.
"Оқиға куәгерлері қолдан жасалған құралдар көмегімен өртті сөндіруге кірісті, бірақ қатты жел тоқтаусыз жалынды одан сайын өршітті. Өртті өз бетімен сөндіру мүмкін болмағандықтан, мамандар жұмылдырылды. Келген өрт сөндіру бөлімдері қойманы сөндіруге және халыққа қызмет көрсету орталығын қорғауға кірісті", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.